Қазақстанда ауыл халқын жыл бойы жұмыспен қамту шаралары ойластыруда

P фото на taspanews.kz от 21 апреля 2025 13:52
Фото:Pexels

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде ауыл халқын жыл бойы жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мал шаруашылығы бойынша салаларды егіншілікпен айналысатын ірі ауыл шаруашылығы кәсәпорындарының қызметіне интеграциялау мәселесі қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Ауыл шаруашылығы министрлігінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында ғалымдардың ұсынысы қаралды. ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасына сәйкес ғалымдармен бірлесіп, ірі жер пайдаланушылар базасында мал шаруашылығын дамыту бойынша талдау жүргізілген. Нысан ретінде елдің солтүстігі алынды.


"Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары секілді дәнді дақылдар егетін аймақтарға ерекше көңіл бөлінген. Бұл өңірлерде егістік көлемі 10 мың гектардан асатын 401 шаруашылық тіркелген, олардың 115-інде мал шаруашылығы мүлде жоқ", –делінген ресми хабарламада. 

 Осы орайда ғалымдар 10 мың гектар және одан да көп аумақта өсімдік мен мал шаруашылығын тиімді үйлестірудің мүмкін екенін айтып, ауыл халқын жұмыспен қамтамасыз ету бойынша шешім ұсынды.


Одан бөлек, министрлікте мал шаруашылығы нысандарын — сүт-тауар фермаларын, бордақылау алаңдарын, шошқа және құс фермаларын құру қажеттігін атап өтті.


Следите за новостями Taspanews