Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы ХКҚО арқылы есепке алынатын болады

Pexels фото на taspanews.kz от 11 апреля 2025 14:00
Фото:Pexels

Қазақстанда Ауыл шаруашылығы техникасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірыңғай цифрлық платформасында – «ХҚКО 2.0» АЖ арқылы есепке алынатын болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Бұл ауыл шаруашылығы техникасын арнайы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеуге мүмкіндік береді.


2025 жылы 15 қаңтарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жылдың екінші тоқсанынан бастап техниканы есепке алу бойынша мемлекеттік қызметтер ХҚКО арқылы көрсетілетінін жеткізген. Осыған дейін 2024 жылы тамыз айында Алматы мен Қостанайда бастапқы тіркеу жөніндегі функцияның пилоттық іске қосылуы сәтті өтті. Ендігі кезекте, 2025 жылы 11 сәуірде жаңашылдықтың іске қосылатыны хабарланды.


«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясымен бірлесіп, бес түрлі мемлекеттік қызметті кезең-кезеңімен жүзеге асыру жоспары әзірленді: қайта тіркеу, есептен шығару, нөмірлік белгілерді алу, ауыл шаруашылығы техникасы туралы деректерді өзектендіру, кепілдер туралы анықтамалар беру», – делінген ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз хабарламасында.

Следите за новостями Taspanews