Қазақстанда азаматтардың соттан тыс банкроттық рәсімі жеңілдейді
Қазіргі таңда Мәжілісте талқыланған түзетулер аясында соттан тыс банкроттық туралы өтініш бергенге дейін несие берушілермен қарыз бойынша сұрақтарды реттеу талабы жойылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл өзгерістер қаржы ұйымдарымен келісімге келе алмай жүрген азаматтардың банкроттыққа өту процесін жеңілдетеді.
«Қолданыстағы ережелерге сәйкес, борышкерлер банкроттық туралы өтініш бергенге дейін алдымен несие берушілермен қаржылық мәселелерін шешуге міндетті. Алайда, мұндай бұл көбінде нәтиже бермейді. Несие берушілер сұрақты кейінге қалдыруы немесе борышкерлерге сәйкес келмейтін шарттарды қоюы мүмкін. Түзетулерді енгізу арқылы қазақстандықтар несие берушілермен ұзақ келіссөздер жүргізуді қажет етпей-ақ банкроттық туралы өтініш бере алады»,
Сонымен қатар, заңға енгізілген өзгертулер арқасында борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтатқысы келсе, бұл шешімінің себебін түсіндірмесе де болады. Сондай-ақ уәкілетті органдардың шешімі бойынша банкроттық рәсімі тоқтатылған тұлғаларға алты айдан кейін қайта өтініш беру мүмкіндігі пайда болады.
«Соттан тыс банкроттық рәсімі аяқталғаннан кейін борышкерлер барлық қарыздарынан, тіпті несиелік бюролар есепке алмаған қарыздарынан да құтыла алады, бұл қаржылық қиындықтарға тап болғандар үшін айтарлықтай жеңілдік болады»,
Жаңашылдықтар 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында күшіне енеді және тек соттан тыс банкроттыққа ғана емес, сонымен қатар төле қабілеттілігін қалпына келтіру сияқты кейбір басқа рәсімдерге де қатысты болады. Онымен қоса, енді соттан тыс банкроттық туралы арыз беру үшін жұбайының келісімін алу қажет.