Қазақстанда балалы отбасыларға жаңа көмек түрі енгізілді

pixabay.com фото на taspanews.kz от 14 января 2025 14:07
Фото: pixabay.com

2025 жылдан бастап Қазақстанда балалы отбасыларды қолдаудың жаңа шарасы – тағайындалған АӘК сомасына қосылатын бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір балаға ай сайынғы төлем енгізіледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Бұл шаралар әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсартуға және мұқтаж отбасылардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған.


«2025 жылдан бастап тағайындалған АӘК сомасына балаларға арналған жаңа қосымша төлем қосылады. Ол бір жастан алты жасқа дейінгі әрбір бала бойынша 5 898 теңгені (1,5 АЕК) құрайды», – делінген әкімдік хабарламасында.

Енді АӘК есептеу кезінде көмекке жүгінген отбасының соңғы тоқсандағы табысының барлық түрлері ескерілетін болады. Оларға жалақы, әлеуметтік төлемдер, алимент және басқа да табыс түрлері жатады.


АӘК ағымдағы тоқсанға тағайындалады және Астана қаласы аудан әкімдіктері жанындағы учаскелік комиссиялардың шешімдері негізінде ай сайын төленеді.


Сонымен қатар, 2025 жылдың қаңтарынан бастап бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік көмек тағайындау процесін жеңілдететін және жеделдететін пилоттық жоба іске қосылады.


«Жоба аясында азаматтар өздерінің банктік шоттары туралы деректерді ашық бағдарламалық интерфейстерді (Open API) пайдалана отырып, банкаралық ақпарат алмасу жүйесі арқылы жібере алады. Бұл көмек тағайындау процесін жылдамдатады»,  – деп атап өтті елорда әкімдігі.

Следите за новостями Taspanews