Қазақстанда баланы басқа мектепке аудару eGov сайты арқылы мүмкін болды
Қазақстандық оқушылардың ата-аналары өз балаларын бір мектептен екінші мектепке онлайн режімде ауыстыруға мүмкіндік алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл жаңашылдықты EGOV.KZ мемлекеттік сайтын пайдалана жүзеге асыруға болады. Оқу-ағарту министрлігінің, цифрлық даму министрлігінің бірлескен бастамасы, сонымен қатар "Талдау" АҚ мен "ҰАТ"АҚ күш біріктіріп инновациялық шешімді ұсынуда.
Қызметті пайдаланғандар үшін тіркеу талондары, сондай-ақ жеке мәліметтерді беруге деген қажеттілік жоқ. Портал сонымен қатар әрбір білім беру мекемесі ұсынған оқыту тілі туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, берілген өтінімдерді кері қайтарып алуға жол береді.
Енді ата-аналар балаларын тек тұрғылықты жер бойынша оқыту ғана емес, өзі қалаған және білімі қанағаттандыратын мекемеге ауыстыра алады.