Қазақстанда биологиялық әралуандықты қорғау қоры құрылады

P фото на taspanews.kz от 14 марта 2025 17:33
Фото: Pexels

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында Биологиялық әралуандықты қорғау қоғамдық қорын құру керек екенін айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президент Каспий итбалығы, қызғылт қоқиқаз сияқты жойылу қаупі бар жануарларды қорғау бойынша қоғамдық ұйымының жетекшісі болуға дайын екенін жеткізді.


Сонымен қатар, мемлекет басшысы тазының халықаралық тізімге енгенін еске салды. Осылайша, аң аулайтын қазақы иттің бар екенін бүкіл әлем біледі.


Следите за новостями Taspanews