Қазақстанда бюджеттен жұмсалатын әр теңгені бақылау жүзеге асуда

Қазақстанда бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаудың жаңа жүйесі іске қосылды, ол қаражат бөлінгеннен бастап толық игерілгенге дейінгі әрекеттің барлық кезеңдерінде бюджеттің пайдаланылуын бақылайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі бұл жемқорлықпен күресуге бағытталғанын айтты.
"Жаңа жүйенің мәні – бөлінген әрбір теңгеде бірегей цифрлық белгі болады. Бұл қаражаттың қозғалысын дәл қадағалауға мүмкіндік береді және олардың ұрлану мүмкіндігін болдырмайды. Бұл тәсіл мемлекеттік бюджетті тиімдірек және ұтымды пайдалануға, қаражатты жұмсау процесін ашық болуына ықпал етеді",
Қаражаттың жұмсалуын қадағалау "цифрлық теңге" платформасы арқылы жүзеге асырылды, бұл мемлекеттік қаржылық операциялардың ашықтығын арттыру жолындағы маңызды қадам болды. Ол қаражатты жұмсауда адалдыққа кепілдік беріп қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жаңа жүйе бірнеше негізгі салаларда, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен құрылыста белсенді түрде қолданылады. Мәселен, Атырау облысындағы құны 2,1 миллиард теңгені құрайтын Мұқыр – Құлсары жол учаскесінде, сондай-ақ Қарағанды облысындағы құны 160 млрд Достық – Мойынты темір жол учаскесіндегі жұмыстар енгізілген жүйе бойынша жүруде.