Қазақстанда дәрі-дәрмектің бағасын төмендетудің жаңа тетігі енгізілді

Depositphotos фото на taspanews.kz от 21 января 2025 16:00
Фото: Depositphotos

ТМККК, МӘМС аясында пациенттерді қамтамасыз ету үшін және дәріханаларда бөлшек сауда желісінде ұсынылған дәрі-дәрмектің шектік құнын төмендету үшін жаңа тетік жұмыс істейтін болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Ендігі кезекте дәрі-дәрмек құнына қосылған қосымша шығыстар алынып тасталынады. Көлікке (15%-ға дейін), жарнамалауға (30%-ға дейін) және сапаны бағалауға кететін қаражат есептелмейді.


"Үстеме бағалардың регрессивті шкаласын қайта қарау нәтижесінде оларды қолдану шегі айтарлықтай төмендеді: тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде олар 20%-ға дейін, көтерме сату үшін – 25%-ға дейін, ал бөлшек сауда үшін - 30%-ға дейін (бұрын 55%-бен салыстырғанда).Реттеу, шекті бағалар мен үстеме бағаларды қалыптастыру қағидаларының жаңа редакциясында генериктерге бағаны бастапқы дәрілік зат бағасынан 30 %-ға төмендету көзделген" – Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасынан.

 Шетелдік дәрінің отандық аналогінің шекті құны импортталатын дәрілердің орташа бағасынан аспау керек. Жүйенің ашықтығы қамтамасыз етіледі.


Следите за новостями Taspanews