Қазақстанда дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары үшін ротация енгізіледі

Фото: Depositphotos
Қазақстандағы спорт ұйымдары басшыларының ротациясы арқылы олардың кәсіби әлеуетін тиімді пайдалану көзделді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Бұл Мәжіліс депутаттары заңнамаға тиісті түзетулер қабылдау нәтижесінде орын алды.
Спорт саласындағы жоғары басшыларды тағайындау мен қызметтен босату заңмен белгіленеді.
«Спорттағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерге және мектеп-интернаттарға қабылдаудың үлгілік қағидалары бекітіледі»,
Одан бөлек, балалардың сабақтар мен спорттық жарыстарға қатысудың ең төмен жасын бекіту жайлы нормалар нақтыланды. Жекелеген спорт түрлері халықаралық ережелер бойынша, юниорлар арасында да өткізіледі.