Қазақстанда eGovMoblie қосымшасы мен Ашық Үкімет порталының уақытша қолжетімсіздігі қалпына келтірілді

eGov.kz фото на taspanews.kz от 24 января 2025 15:54
Фото: eGov.kz

eGov.kz,  eGovMobile мобильдік қосымшасы және Ашық үкімет порталдары, Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы, сондай-ақ «Цифрлық құжаттар» сервисі сияқты «ҰАТ» АҚ сүйемелдейтін қызметтер қалпына келтірілді,– деп хабарлайды Taspanews.kz "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ сілтеме жасап.


"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ Халыққа қызмет көрсету мен екінші деңгейдегі банк қосымшаларында мемлекеттік қызметті алу қайта қолжетімді болды.


Еске салсақ, бұрынырақ, 24-қаңтарда «ҰАТ» АҚ мемлекеттік органдардың серверлік орталығының инфрақұрылым желісінде техникалық ақау болғандықтан, көптеген мемлекеттік қызметтер  аталған онлайн қосымшаларда уақытша қолжетімсіз болды.


Следите за новостями Taspanews