Қазақстанда екпе алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Pexels фото на taspanews.kz от 05 ноября 2024 16:11
Фото: Pexels

Қазақстанда екпе алу үшін электронды түрдегі келісімді толтыру керек болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Zan.gov.kz сілтеме жасап.


«Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енуі мүмкін. Ендігі кезекте екпеге келісім беру немесе бас тарту электронды түрде жүреді.


Екпе салуға келісімді заңды өкіл немесе азаматтың өзі бере алады. Ал қарсы болған жағдайда дәл солай бас тарту жайында электронды түрде ресімдеу жүреді. Екі құжат та ақпараттық жүйелерге енгізіледі.


Следите за новостями Taspanews