Қазақстанда Euronews кеңсесі ашылды

Иллюстрация фото на taspanews.kz от 19 декабря 2024 12:20
Фото: JEAN-PHILIPPE KSIAZEK

Астанада Euronews халықаралық жаңалықтар арнасының аймақтық кеңсесі ресми түрде ашылды. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгастың қатысуымен өткен салтанатты шара ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауының нышанына айналды, – деп хабарлайды Taspanews.kz.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанадағы жаңа кеңсе жұмысын бастап кетті. Euronews кәсіби ұжымымен бірлесе, Қазақстанның мәдени мұрасын, сондай-ақ елдің инвестициялық бастамаларын көрсететін 10 бағдарлама мен сұхбат жасалды.


"Жақын арада көрермендерді "Modern Nomads" шоуының қазақ өнері, мәдениеті мен тұрмысына арналған 20 бөлімі күтеді. "Сонымен қатар бизнес пен экономиканы қамтитын 10 East West Connect бағдарламасы, Орталық Азияның көрнекті тұлғаларымен он эксклюзивті сұхбат шығады",  деді Мәдениет және ақпарат министрлігінде.

 Аида Балаева Қазақстанның халықаралық аренадағы имиджі үшін жаңа кеңсе ашудың маңыздылығын атап өтті.


"Евроньюс өкілдігінің ашылуы – еліміздің бай мәдениеті мен заманауи жетістіктерін әлемге паш ету мүмкіндігін береді. Телеарнамен ынтымақтастық арқасында 39 млн көрермен көшпенділер ойындары туралы материалдармен танысыпты. Елбасы мәдениетімізді, туристік және инвестициялық әлеуетімізді халықаралық деңгейде белсенді түрде көрсету міндетін қойды. Бұл кеңсенің ашылуы бұл мақсатты жүзеге асыруға серпін беретініне сенімдімін",  – деді Аида Балаева.

 Қазақстанда кеңсе өкілдігін құру туралы шешім 2024 жылдың жазында, Брюссельге ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Педро Варгаспен келіссөз жүргізуі нәтижесінде қабылданды. Кездесу барысында тараптар Қазақстанда кеңсе ашу және бірлескен жобаларды дамыту мүмкіндігін талқылады.


Следите за новостями Taspanews