Қазақстанда кемсітушілікке жол бермеуге бағытталған заң қабылдануы мүмкін

Freepik фото на taspanews.kz от 11 декабря 2024 15:52
Фото: Freepik

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі министрліктер мен ҚР Бас прокуратурасы, БҰҰ Даму бағдарламасымен бірігіп, адам құқығының қорғалуы жайында сөз қозғады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР АҚЖУ сілтеме жасап.


Тақырып "Адам құқықтарын қорғауға арналған конференцияда" талқыланды. Көтерілген өзекті мәселелер – мүгедектер тап болатын кемсітушілік, жағымсыз фактордан қорғау тетігі және сөз бостандығы. Қолданыстағы сәйкес заңнамаға халықаралық тәжірибе арқылы көз жүгіртілді.


"Кемсітушілік түрлерін айқындайтын, виктимизацияға, сегрегацияға, қудалауға және кемсітуге шақыруға тыйым салатын, ақылға қонымды орналастыру құқығына кепілдік беретін кемсітушілікке қарсы бірыңғай заң қабылдау идеясы айтылды"  – ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл.

Следите за новостями Taspanews