Қазақстанда кей маршруттар бойынша пойызбен жол жүру қымбаттайды

Фото: pexels

1 қазаннан бастап 62 жолаушылар жолы бойынша пойызбен жүру билеттері 20 пайызға қымбаттайды. Бұл шара вагондар паркін жаңарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында жоспарланған, – деп хабарлайды Taspanews.kz 24.kz сілтеме жасап.


1 қазаннан бастап, осы маршруттар бойынша стандартты пойызда купэ бағасы 12 мың теңге, плацкарт 8400 теңге, "Астана-Алматы" бағыты бойынша жедел пойыз билеті 19 мың теңге құрайды.