Қазақстанда көміртекті егіншілікті енгізу мәселесі қаралуда

Фото: Pexels
2025 жылы 14 наурызда Мәжілісте «Көміртекті егіншілікті енгізу және дамыту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Жиында сарапшылар көміртекті шаруашылықтың маңызын талқылап, оны енгізудің экологиялық және экономикалық тиімділігін сөз етті.
Мамандар көміртекті егіншілік топырақ эрозиясын азайтуға, оның құнарлылығын арттыруға және көміртекті сақтау процестерін жақсартуға ықпал ететінін айтты.
Іс-шараны Аграрлық мәселелер комитеті ұйымдастырды. Оған ауыл шаруашылығы, экология және табиғи ресурстар, ұлттық экономика министрліктерінің өкілдері мен ғалымдар қатысты.