Қазақстанда көпбалалы және наградталған аналарға 49 млрд теңге жәрдемақы төленді

Pexels фото на taspanews.kz от 17 февраля 2025 13:52
Фото: Pexels

2025-жылдың қаңтар айында көпбалалы отбасылар мен наградталған аналар 49 млрд теңге төлем алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


Мемлекеттік жәрдемақымен 846 мың отбасы қамтылды. Төлем мөлшері бала санына қарай есептелді.4 баласы бар отбасылар - 63 030 теңге5 баласы бар отбасылар 78798 теңге,6 бала - 94 565 теңге7 бала – 110 332 теңге8 бала немесе одан көп болса, әр балаға 15 728 теңге төленеді. "Наградталған анаға берілетін жәрдемақы «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған аналарға тағайындалады", – ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап. Еске салсақ, 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшеоі 6,5 %-ға артты.


Следите за новостями Taspanews