Қазақстанда көпбалалы және наградталған аналарға 546,3 млрд теңге жәрдемақы төленді

Фото: Depositphotos

2024-2025 жылдар аралығында Қазақстандағы көпбалалы және наградталған аналарға қанша жәрдемақы төленгені жарияланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.


2024 жылы көпбалалы отбасылар мен наградталған аналарға төленген жәрдемақылар мөлшері келесідей:


көпбалалы отбасыларға – 474,1 млрд теңге;


наградталған аналарға– 72,1 млрд теңге.


Осындай жәрдемақыға кімдер үміткер бола алады?


Балалары кәмелет жасқа толмаған 4 және одан да көп баласы бар отбасылар және отбасы құрамында 23 жасқа дейін күндізгі бөлімде оқитын студенттер болса үміткерлікке іліне алады.


Наградталған аналарға төленетін ай сайынғы жәрдемақы құны:


- «Күміс алқа» иегерлеріне – 25 165 тг;


- «Алтын алқа» немесе «Батыр ана» атағын алғандарға – 29 097 тг.


Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бала санына негізделеді. 2025-жылғы көрсеткіштер бойынша жәрдемақы құны:


4 балаға – 63 030 тг;


5 балаға – 78 798 тг;


6 балаға – 94 565 тг;


7 балаға – 110 332 тг;


8+ балаға – әр балаға 15 728 тенгеден бөлінді.


2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық жәрдемақылар 6,5%-ға артты.