Қазақстанда күнделікті табысын дұрыс көрсетпеген 260 мың адам анықталды

Фото: Pexels

ҚР Мемлекеттік кірістер Комитеті көптен бері күнделікті чегінде бірдей баға көрсетіп келген 260 мың адамды әшкереледі, – деп хабарлайды Taspanews.kz  ҚР МКК сілтеме жасап.


МКК тәуекелдерді басқару жүйесі аясында бақылау кассаларынан толық мәлімет алды. Онда берілген чектер саны, сомасы мен мерзімділігі көрсетіледі.


Осылайша, салық төлеушілерді іріктеу мен бақылау жүзеге асады.


"Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы азық-түлік дүкені бір жыл бойы күн сайын тек 7 мың теңгеге 1 чек қана берген. Бұл БКМ-ді қолданбау белгілерінің айқын дәлелі болып табылады, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын өрескел бұзу болып саналады. Мұндай салық төлеушілерге қатысты тиісті шаралар қабылдануда", –делінген ҚР МКК хабарламасында.


Сонымен қатар, 2023 жылв 82, 2 салық төлеуші өз есептерінде төлем карталары (POS-терминалдар) мен мобильді төлемдер (QR-төлемдер) арқылы алынған қаражатты көрсетпеген. Заң бұзушылықты түзету үшін камералды бақылау хабарламары жіберілді. Орындау кезі наурыздың 20-26 аралығы болып белгіленді.


"Қазіргі таңда 6,2 мың салық төлеуші 43,7 млрд теңге кіріс көрсетілген салық декларацияларын ұсынды, нәтижесінде 1,1 млрд теңге салық есептелді",


– делінген ресми ақпаратта.