Қазақстанда құрғақ ауа-райы ықпалындағы қалалар қалай көгалдандырылуда

Фото: Pexels

Қалаларға дендросаябақашылуы қалай әсер етпек.


Алдыңғы аптада Атырауда дендросаябақ ашу жоспарланғаны белгілі болды. Оған 2023 жылы 20 гектар жер бөлінген. Taspanews.kz редакцисы мамандардан бұл бастама қандай жағымды нәтиже әкелетінін және саябақты құру кезінде қандай мәселелерді ескеру керектігін білді.


Дендросаябақ дегеніміз не және оның қажеттілігі


Эколог және First Eco Bureau (бірінші Эко Бюро) қызметкері Әлия Эрмакбаева дендрологиялық саябақтар қалалар үшін тамаша шешім деп санайды. Қазір қалалар өте тез дамып, әлеуеті өсуде, ал абаттандыруға жауапты әкімшіліктердің міндеті — қала тұрғындарының денсаулығына тікелей әсер ететін көгалданған орта ұйымдастыру.


Эколог дендросаябақтың дендрарийден айырмашылығын айтты. Дендрарий шет елден әкелетін өсімдіктерді жергілікті ортаға бейімдеуге арналған, бұл қалада өсімдіктер мен ағаштар түрлерін көбейту үшін жасалады, ал дендропарк – қала тұрғындары серуендеп, демалуға арналған қоғамдық орын.


Алматы ботаникалық бағының Дендрологиялық бөлімінің аға ғылыми қызметкері Светлана Набиева қазіргі уақытта Щучинск, Шымкент және Есікте дендрологиялық саябақтар бар екенін, ал Атырауда жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.


"Щучинск немесе Шымкент дендросаябақтары табиғатты қорғау аумақтарында құрылған және олардың негізгі мақсаты — аймақтың биоәртүрлілігі бойынша есеп жүргізу және оны сақтау", – деді ол.

Оның айтуынша, дендросаябақтар сырттан әкелінген жаңа өсімдіктер арқылы алуантүрлілікті қамтамасыз етуде қызмет етеді.


"Дендросаябақтардың топырақ жай-күйі және климаттың өзгеруі жағдайындағы өсімдіктердің беймімделуі бойынша ғылыми база құруда маңызы зор. Қаладағы арнайы өсімдіктерді баптайтын жерлерде олар көгалдандыру үшін өсіріледі, ал дендросаябақта бейімдеу, жерсіндіру, сонымен қатар көгалдандыруға жарамдығы анықталады. Халыққа арналған да, ғылыми аймақ та бар", –  деп атап өтті Набиева.

Атырау қаласындағы дендропарк


Эрмакбаева Атырау қаласының өзіндік климаты бар екенін баса айтты.


"Ауа-райы күрт өзгереді және құрғақ, сулы жерлер аз. Сондықтан, әрине, қалаларда флора аса тиянақты күтімді қажет етеді, өсірілетін өсімдіктер мұқият таңдалады",  - деді эколог.

Набиева қаланы неліктен жергілікті өсімдіктермен көгалдандыру жеткіліксіз екендігін айтты.


 "Біз әкелінген өсімдіктерді барлық жерде отырғыза алмаймыз. Сондықтан, интродукцент өсімдіктерді сынау жүргізілетін орындар қажет – бұл жағдайда өсімдіктер бүкіл әлемнен әкелінеді және жергілікті ортаға төзімділерін табу үшін сынақтар жүргізіледі",  – деп атап өтті дендролог.

Набиева Атырауды көгалдандыруға қолданылған айлантты мысал ретінде келтірді. Ол қайғылы жағдайда екен. Мұндай өсімдіктерді көгалдандырмас бұрын дендросаябақтарда сынақтан өткізу керек.


"Оларды табиғи ортадан сақтау керек, тек көгалдандыруда қолдануға болады",  – деп атап өтті Дендрология зертханасының қызметкері.

Эко-саябақтардың рөлі


Набиева дендросаябақтың ботаникалық бақтан айырмашылығын айтты.


"Ботаникалық бақ — бұл ашық аспан астындағы мұражай, онда көптеген өсімдік түрлері жиналған. Сынақтар жүргізіліп, содан кейін көгалдандыруда ұсынымдар беріледі. Мұнда, әрине, фауна ерекше", – деп түсіндірді аға ғылыми қызметкер.

Қазіргі таңда көптеген өсімдіктер баптайтын жерлерге шет елден әкеліне бастады, алайда олар климатқа бейімделмеген, арнайы бейімдеуден өтпеген.


Қызметкерлер қалада отырғызуға болатын өсімдіктерді атап бере алады, алайда бұл үшін алдымен арнайы шаралар іске асуы керек.


"Бұл өсімдік дендросаябақта өсіп, жайқалғанда, оның тұқымдары көгалдандыруға жіберіледі, содан кейін олар төзімді бола түседі", – деді дендролог мәселенің қыр-сырын аша.

Тіпті пішінін өзгерте алатын өсімдіктер бар. Яғни, табиғатта ағаш биік және үлкен болса, көгалдандыруда ол бұтаға айналып кетуі мүмкін. Сонда да, ол өзінің сәнін жоғалтпайды.


Набиеваның айтуынша, дендросаябақтар  өсімдіктерді кеңінен таратуда қолайлы. Саябақтар серуендеуге де аса шырайлы жерлер ретінде танымал.


"Жасыл қала – ұтымды ұғым. Климаттың өзгеруі және өте ыстық кезеңдерде қалада көлеңке болады. Алайда. бұл жағдайда өсімдіктер қалаға жақын жерде өсірілуі керек", – деді аға ғылыми қызметкер.

Набиева қалаларға дендропарктер мен ботаникалық бақтар қажет деп санайды.


"Олардың болуы өте маңызды: ғылыми база да, өндірістік база да болғаны жөн. Ботаникалық бағы бар қала мәртебесі бірден байқалады",  – деп түсіндірді ол.

Қалалар бойынша көгалдандыру ерекшеліктері


"Өкінішке орай, бізде климат күрт өзгереді, кей жерлерде тұз көп, кей жерде жер асты сулары аз. Көптеген факторлар бар. Кейбір өсімдіктер жерасты сулардың биік орналасқан жерлерінде ғана кедергісіз өссе, кейбірінің өзгеге ұқсамайтын өзіндік суару тәсілі бар", – деді дендролог.

Мысалы, Шымкент аптаған ыстығымен танымал, онда кез-келген ағаш өсе алмайды. Қалада тиісті микроклимат ұйымдастыру қажет – ыстыққа төзімді өсімдіктерді қабырғалармен немесе басқа ағаштармен жабады, осылайша көлеңке пайда болады.


"Үлкен ағаштармен жапса, сонда олар жайқалып өседі", – деді Набиева.

Алматы ботаникалық бағының қызметкерлері климаттық деректер негізінде аймақтардың өсімдіктер үшін жарамдылығын қарастырды, географиялық принцип бойынша өсімдік өсіру аймақтарын қалай жасау керектігі туралы ұсыныстар берді.


"Ботаникалық баққа 92 жыл толды. Біз ағаштардың ең төзімділерін атап бере аламыз",  – деді Набиева.

Дендрологиялық зертхананың қызметкері ғылыми база жергілікті жерге бейімделетін, климат өзгерістеріне шыдайтын жаңа өсімдіктерді әкелу үшін қажет деп санайды.


"Атыраулықтар тіпті климатрон соғуды алға тартты",  – деп мақтады әріптестерін дендрологы.

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі өсімдіктерді көре алуға мүмкіндік туар еді.


Мысалы, гинкго билоба — қазақстандық өсімдік. 50-ші жылдары ол Қытайдан елімізге оралған.


"Көбісі мұны білмейді, ал бұл тәрбие, патриотизм", – деп қорытты Набиева.