Қазақстанда легионерлер қаржылық қолдаудан айырылуы мүмкін

Фото: pixabay.com
Қазақстанда бюджет қаржысы шетелдік спортшыларға төлем жасауға жұмсалмайтын болады. Бұл норма Сенат тарапымен 2025 жылғы 27 наурызда қабылдаған жаңа заңда бекітілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті жоғарғы палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ендігі кезекте қаржы жергілікті спортшыларды қолдауға және спорттың маңыздылығы басым түрлерін дамытуға бағытталатын болады.
«Құжат Президентке қол қою үшін жіберілді. Заңның негізгі мақсаты – спортты қаржыландыру жүйесін жетілдіру және қажетсіз бюрократиялық мәселелерді жою»,
Бұл заң нормативтік базаны өзекті етуге және Қазақстандағы спортты реттеуді жетілдіруді көздейді.