Қазақстанда магистратураға түсу бойынша кешенді емтихан басталды
Фото: Pexels
18 қараша күні магистратураға түсу бойынша қысқы емтихан бастауын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жетісу облысы әкімдігіне сілтеме жасап.
Бұл жолы магистратура түлектеріне 4000 орын бөлінді. Жалпы тапсырушылар саны – 11 мыңға жуық. Сұранысқа ие мамандықтар бойынша "Педагогикалық ғылымдар", Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары", "Бизнес, басқару және құқық" бірінші орында.
Еске салсақ, бейінді магистратураға түсуге қойылатын талаптар өзгеріске ұшырады. Ендігі кезекте талапкерлер оқуға дайындықты анықтау тестін тапсырмайды. Өз мамандығына сай, бейінді пәндерден ғана тестілеуден өтеді.