Қазақстанда математика мұғалімдері мен тәрбиешілерге сұраныс артты

Фото: Pexels
2025-жылғы қаңтар айында Электронды еңбек биржасында жұмыс берушілер мен іздеушілердің белсенділігі артты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.
Білікті қызметкерлердің арасында тәрбиешілерге 2,1 мың бос орын, автомобиль жүргізушілері мен математика мұғалімдеріне 1,9 мың бос орын табылды. Сонымен қатар әлеуметтік қызметкер үшін 1,1 мың бос орын және әлеуметтік педагог үшін 625 бос орын бар болып шықты.
Математика пәні мұғалімдері, әлеуметтік педагогтер мен психологтар аса тапшы екені байқалды. Математика мұғалімі болуға 529 түйіндеме жүктелген.
«Егер бос орындар саны өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 5,2%-ға қысқарып, 98,9 мың бірлікті құраса, ал түйіндемелер саны 2,5 есе, яғни 191,9 мың бірлікке дейін ұлғайды. Көптеген мамандықтар бойынша түйіндеменің профицитіне қарамастан, кейбір лауазымдарда кадрлар тапшылығы болды»,