Қазақстанда мерзімді әскери қызметші өзін атып жіберіп, қаза болды

depositphotos.com фото на taspanews.kz от 17 января 2025 11:27
Фото: depositphotos.com

Жетісу ауданы, Сарыөзек қаласында орналасқан № 12740 әскери бөлімінде 2024 жылдың қазан айында әскери борышын өтеп бастаған 18 жасар қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы қайтыс болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Криминальный Казахстан» Telegram арнасына сілтеме жасап.


Түркістан облысынан әскерге шақырылған сарбаз АК-47 автоматынан өзін атып өлтірді.


«Сарыөзек әскери гарнизоныylf осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын ресми түрде хабарлады. Қолбасшылықтың мәліметінше, қайғылы оқиға әскери далалық оқу-жаттығу кезінде болды. Алдын ала мәліметке сай, сарбаз атыс қаруымен жұмыс істеу ережесін бұзған»,  – деп хабарлады дереккөзде.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны Қазақстан Республикасы Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысының өзі басқарды.


Следите за новостями Taspanews