Қазақстанда мейірбикелер де дәріге рецепт жазып беруі мүмкін

P фото на taspanews.kz от 20 февраля 2025 18:06
Фото: Pexels

Қазақстандағы медицина мекемелеріндегі қызмет көрсетуді оңтайландыру үшін, жүктемені азайтып, жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында біршама өзгерістер енуі мүмкін, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.


Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті мейірбекелерге артықшылық беруді ұсынуда. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы  «Рецептілерді жазу, есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар жария талқылауда. Мейірбекелер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға рецептілерді жазып беруі амбулаториялық емдеу курсын тағайындау туралы дәрігердің жазбасы болған кезде жүзеге асырылатын болады.


"Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды электрондық түрде алуға арналған рецепттер жазып беріледі және ақпараттық жүйеде есепке алынады және дәрігердің және (немесе) мейірбике специалист маманының (учаскелік мейірбикенің және (немесе) фельдшердің) электрондық-цифрлық қолтаңбасы арқылы қол қойылады", – делінген құжатта.

Электронды түрде рецепт жазу мүмкіндігі болмаса, рецепттерді жазу дәрілік затты тағайындаған дәрігердің немесе мейірбикенің қолы қойылып, қағаз түрінде жүзеге асады.


Следите за новостями Taspanews