Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері көбейеді

Фото: Алматы қаласын дамыту орталығы
ҚР Үкіметінің шешімі бойынша мүгедектік, асыраушысынан айырылу және еңбекке қабылеттілектен айырылу бойынша жәрдемақы мөлшері артты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.
Жәрдемақы мөлшері 7%ға өсті. 2024 жылы 1 қаңтардан бастап 1-топ мүгедектігі бойынша азаматтар 95 496 теңге, 2-топ 76 397 теңге, 3-топ 52 089 теңге Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады.
2024 жылы 1 қарашада Еңбекке қабылеттігінен айырылғандарға берілетін төлемнің орташа мөлшері 59 256 теңгені құраған, асыраушысынан айырылғандарға 63 743 теңге қарастырылған болса, 1 қаңтарда сома 7%-ға көбейеді.