Қазақстанда мүгедектікті белгілеу бойынша 8,5 мыңнан астам өтінім сырттай қаралды

Фото: Depositphotos
Қазақстанның барлық өңірлерінде 2024 жылдың басынан бері мүгедектік тобын белгілеу үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманы сырттай жүргізу пилоттық жобасы аясында 8,5 мыңнан астам өтінім қаралды, деп хаьарлайды Taspanews.kz ЕХӘҚМ сілтеме жасап.
“Қазірде, сырттай форматта куәландыру 30 нозологиялық нысан бойынша жүргізіледі.2024 жылы 96,9 мыңнан астам өтінім сырттай форматта қаралды, бұл куәландырудан өткен мүгедектігі бар адамдардың жалпы санының 37,4%-ын құрайды”,
Медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізудің сырттай форматы бойынша жоба 20 өнірде іске асырылуда. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің VI отырысында ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін барынша қолайлы жағдай жасауы керектігін тапсырған.
Бұл жаңа формат бюрократиялық және жемқорлық көрсеткіштерді азайтып, процесті ашық әрі қолжетімді етуге бағытталды.