Қазақстанда оқушылар наурыз айының соңында 11 күн демалады

Үшінші тоқсан аяқталғаннан кейін қазақстандық оқушылар 21-31 наурыз аралығында демалатын болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Оқу ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігінің мәлімдеуінше, бұл кезеңде мектеп оқушыларының демалысын тиімді ұйымдастыру үшін бірқатар іс-шаралар жоспарланған.«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады.
1-11 сынып оқушыларына арналған арнайы гайдбук әзірленіп, онда әрбір демалыс күні "Наурызнаманың" онкүндігімен байланыстырылады. Бұл бағдарлама оқушыларды отбасылық құндылықтарға, ұлттық дәстүрлерге, мәдениетке, спортқа және қайырымдылыққа баулиды. Іс-шаралар жоспарының ішінде театр фестивальдері, шеберлік сабақтары, қауіпсіздік сабақтары, танымдық экскурсиялар мен спорттық ойындар қарастырылған.
Сонымен қатар, қайырымдылық акциялары мен шығармашылық шаралар да қарастырылған. Балалардың қауіпсіздігі басты назарда болмақ. Ата-аналармен бірге мектептерде жол-көлік жарақаттарының алдын алу, өрт қауіпсіздігі мен киберқауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бұл шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жолданады.