Қазақстанда онкология бойынша сәулелік терапиямен қамту

Фото: Freepik

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова кеңейтілген алқа отырысындағы сөзінде 2024 жылы онкологиялық көмек аясында елдің 5 өңірінде 6 желілік үдеткіш іске қосылып, сәулелік терапиямен қамту 41%-ға дейін артқанын айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ДСМ сілтеме жасап.


Осы орайда Алматыда дәл диагностика жасау мен обырды емдеу әдістерін әзірлеу аясында 2 жаңа ПЭТ/КТ орталығы мен циклотрондық-өндірістік кешен ашылды.


"Таяу жылдары Қазақстанда Астана, Ақтау, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбеде жаңа ядролық медицина орталықтары, сондай-ақ Алматы, Қарағанды және Ақтөбеде тераностика орталықтары іске қосылады. Сондай-ақ, биылғы жылы Алматыдағы Энергетика министрлігінің Ядролық физика институтының ғимаратын салу және циклотрондық-өндірістік кешенмен жарақтандыру көзделген",


– делінген ҚР ДСМ ресми хабарламасында.