Қазақстанда онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтау көрсеткіші артты

Фото: Depositphotos
Қазақстанда қатерлі ісікпен күрес күшейіп келеді – 2024 жылы онкологиялық аурулардың 31,4%-ы 0-I сатысында анықталған, – деп хабарлайды taspanews.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл скринингтер мен заманауи диагностиканың нәтижесі. Елде жыл сайын 40 мыңға жуық жаңа онкологиялық науқас тіркелсе, қатерлі ісіктен 12 мыңнан астамы көз жұмады. Ал 2024 жылы 230 мыңнан астам онкологиялық науқас болды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,9%-ға көп. Мемлекет қатерлі ісікке қарсы күресті күшейтіп, тегін диагностика мен емдеуді қамтамасыз етуде.