Қазақстанда онлайн сауда жасау мен сатып алу қауіпсіздігіне ден қойылады
Фото: Pexels
Электронды сауда жасау мен сатып алу кезінде тауардың сапасын қадағалау, зияткерлік меншікті және дербес деректерді қорғау жүзеге асырылатын болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.
Премьер-министр Олжас Бектенов Сауда және интеграция министрлігіне осы сұрақтар бойынша тапсырмалар берді:
«Базарлар мен үй маңындағы шағын дүкендердің қызметін цифрландыру бойынша нақты ұсыныстар мен шаралар әзірлеу; Әділет және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп, ақпан айының соңына дейін тұтынушылардың электрондық саудадағы құқықтарын қорғау деңгейін арттыру бойынша нақты шаралар әзірлеу; маркетплейстермен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, электрондық коммерцияны дамытуды мемлекеттік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеу»,