Қазақстанда отшашуларға тыйым салу туралы петиция жарияланды

depositphotos.com фото на taspanews.kz от 24 января 2025 08:59
Фото: depositphotos.com

epetition.kz сайтында ҚР Әділет министрлігіне бағытталған отшашуларды заңды және жеке тұлғаларға сатуға тыйым салу туралы петиция жарияланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz аталған сайтқа сілтеме жасап.


Петицияға адамдардың отшашу қолдану кезінде қауіпсіздік шарасына аса мән бермейтіні, отшашудан шығатын көмірқышқыл газының ауаны ластауы, құстардың зардап шегуі мен жануарлардың үркіп, үйлерінен қашып кетуі, тұрғын үй кешендері маңында атылғаннан өрт шыққан жағдайлар мен балаларға отшашу сату сияқты себептер негіз болды.


Еске салсақ, 2025 жылды қарсы алу кезінде 63 адам отшашудан зардап шекті, оның 20-сы балалар. 51 азамат пен 15 бала амбулаторлық ем қабылдады, 12 адам ауруханаға жатқызылды.


Следите за новостями Taspanews