Қазақстанда шағын несиелер бойынша айыпақы өндіруге тыйым салынуы мүмкін

2025 жылы 9 сәуірде өткен ҚР Парламенті Мәжілісінде қаржылық қызмет көрсетілетін тұтынушылардың құқығын қорғау ұсынылды, - деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Депутатар дайындаған заң жобасы келесі шараларды қарастырды:
халықтың әлеуметтік осал топтарының қаржылық жағдайы нашарласа, міндетті түрде кемінде үш ай мерзімге айыппұл есептемей несие мен микрокредиттер төлеуді кейінге шегеру;
әлеуметтік осал топтардың ай сайынғы төлемін 50%-ға немесе одан да көп көрсеткішке азайту
банк несиесінің бір бөлігін немесе мерзімінен бұрын бар сомасын төлеген ҚР азаматтарынан тұрақсыздық айыбын өндіріп алуды алып тастау;
шағын несие бойынша кез-келген тұрақсыздық айыбын алуға тыйым салу.
«Шағын несиелер бойынша кез келген тұрақсыздық айыбын (шағын несиені қайтармағаны үшін айыақыны қоспағанда) алуға тыйым салынады. Ал қарыз алушылардың жүктемесін азайту мақсатында банк несиесі немесе шағын несие шарттары бойынша сақтандыру агенті комиссиясының шекті мөлшері 10 пайыз болып белгіленді»,
Бұл туралы Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Ерлан Стамбеков «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы баяндамасында айтты.