Қазақстанда шетелдік туристерді есепке алу жүйесі жетілдіріледі

Фото: Pexels

ҚР Туризм және спорт министрлігі Ұлттық статистика бюросына ұялы байланыс операторларының деректерін беруді ұсынды. Бұл шетелдік туристерді есепке алу мен статистика жүйесін жетілдіру аясында алға тартылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкіметтің ресми ақпаратына сілтеме жасап.


Одан бөлек, экономикалық кірісті талдау үшін шет ел азаматтарының елде қаражат жұмсауын банк карталары операциялары арқылы бақылау қажеттілігі келтірілді.


«Қазіргі уақытта шетелдік келушілерді есепке алу ҚР ҰҚК Шекара қызметінің статистикасы бойынша, ал ішкі туризм туралы деректер – орналастыру объектілерінің есебі негізінде қалыптастырылады», – делінген ресми ақпаратта.