Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды
Фото: grc-sochi.ru/
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. Бүгінгі таңда 1472 тұрғын үй де салынып, 10,7 миллиард теңгеден астам материалдық шығын өтелуде, - деп хабарлайды Taspanews тілшісі ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен 356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды, деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі .
«Зардап шеккен аймақтарда 8 863 нысан бойынша бағалау аяқталды. 356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1472 үйдің құрылысы жүргізілуде. 1389 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. 3804 отбасы жалпы сомасы 657 млн теңгеге келтірілген материалдық шығынды өтеп алды», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.
Министрлер кабинетінің мәліметінше, бүгінгі таңда жалпы сомасы 10,7 млрд теңгеден асатын 29 625 отбасы 100 АЕК көлемінде бір реттік төлемді алып, барлығы 30 912 өтініш түскен.
«Бұл жұмыс Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ Абай және Ұлытау өңірлерінде толығымен аяқталды. Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс жалғасуда», - деп түсіндірді үкімет.
Жоғалған мал үшін төлем көлемі 1,6 млрд теңгеге жеткені хабарланды.
«Шығынның орнын толтыру жұмыстары жалғасуда және бақылауда», - делінген хабарламада.