Қазақстанда суды ұқыпты пайдалану бойынша жаңа Су кодексі қабылданды

Pexels фото на taspanews.kz от 05 марта 2025 14:02
Фото: Pexels

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қойған міндеттер бойынша Мәжіліс тарапымен су саласын реформалау, су ресурстарына ұқыпты қарау мен заңнаманы жетілдіру үшін жасалған жаңа Су кодексі қабылданды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.


Осы орайда тарифтік саясатты реттеу мен саланың кадрлық әлеуетін арттыру, су үнемдеу технологияларын енгізу алға қойылады. Басты қағидат су ресурстарын сақтау болмақ.


«Экологиялық ағын» ұғымы бекітілді – бұл су қоймаларын сақтау үшін алынбайтын және су объектілерінде қалуға тиісті су көлемі. Енді экономиканың түрлі салаларына арналған су пайдалану лимиттері экологиялық ағын анықталғаннан кейін қалған су көлемі негізінде есептелетін болады. Жаңбыр және еріген қар сулары, тазартылған ағынды сулар, тұщыландырылған тұзды сулар балама су көздері ретінде қарастырылады»,  – делінген ресми хабарламада.

Кодекс аясында арнайы су пайдалану рұқсатын алу үшін су шығынын азайту мен суды үнемдеу технологияларын енгізу жоспарының болуы міндетті шарт болады. Кәсіпорындардың айналымдық немесе қайталама су жүйелеріне көшуі қарастырылған.


«Жер қойнауын пайдалануға тек Каспий теңізінде көмірсутектерді барлау немесе өндіру, сондай-ақ тұз бен емдік балшық өндіру операцияларынан басқа жағдайларда тыйым салынды», – делінген ҚР Парламенті Мәжілісі ақпаратында.

Следите за новостями Taspanews