Қазақстанда Telegram-ның кеңсесі ашылады

Фото: Pexels

Қаазақстанда ендігі кезекте әлеуметтік желілер кеңсе ашуды қолға алады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне сілтеме жасап.


Қазақстан елімізде Telegram-ның кеңсесін ашу туралы келісімге келді.


"Біз сондай-ақ заңсыз мазмұнды жедел жою және деструктивті арналарды бұғаттау үшін Telegram-мен белсенді әрекеттесеміз. Біздің заңнамамызға сәйкес, Telegram, WhatsApp және TikTok сияқты интернет-платформалардың енді Қазақстанда өкілі болуға міндетті. Telegram-мен олардың өкілін тағайындау және кеңсе ашу туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл контентті бақылауды арттыру үшін маңызды қадам", - деп атап өтті Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.