Қазақстанда төтенше ыстық ауа-райы күтілуде

Фото: DALLE

Қазақстанның барлық аумағында болжамды төтенше ауа райы жағдайлары белгіленген, деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» сайтына сілтеме жасап.


Алдағы тәуліктерде Қазақстанның басым бөлігінде фронтальды аймақтардың өтуіне байланысты ауа райының өзгеріссіз болуы күтіледі. Жауын-шашын жаңбыр түрінде болады, найзағаймен және екпінді желмен жүреді. Республиканың солтүстік-орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде бұршақ жаууы ықтимал. Орталықта және солтүстікте жауын-шашынның ең көп мөлшері 15 және 17 маусымда, шығыста 15-16 маусымда болады.


Батыс аймақтарда ауа температурасы өте жоғары мәндерге дейін көтеріледі: +33+42°C. Оңтүстікте ыстық ауа температурасы +35-тен +42°С-қа дейін, оңтүстік-шығыста +28+38°С-қа дейін, солтүстікте +26-дан +34°С-қа дейін, орталық аймақтарда +35°С-тан +42°С-қа дейін ыстық күтілуде. 25+33°C, ал шығыста +21-ден +31°C-қа дейін.