Қазақстанда тұрғын үй саясатын реформалауға толықтырулар енгізілді
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Заң аясында ҚР азаматтарының, қандастардың тұрмыс жағдайын жақсарту көзделген.
Ендігі кезекте тұрғын үй кезегіне қою, есепке алу және бір орталықтан – Отбасы банкі арқылы жүзеге асады. Отбасы банк арқылы кезекте ұзақ тұрған адамдар бірінші орында назарға ілінеді:
"Отбасы банк тұрғын үйді бөлу кезінде баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке қою күні мен табыс деңгейін ескереді. Бұл, бірінші кезекте, тұрғын үй кезегінде ұзақ уақыттан бері тұрған адамдарды баспанамен қамтуға мүмкіндік береді",
Түзетулердің 2-блогында тұрғын үйге мұқтаж адамдарға қосымша кепілдіктер енгізу қарастырылды.
Түзетудің 3-блогында берілген тұрғын үйді иелену және реттеу регламенттері белгіленді. 4-блокта жекелеген құрылыс пен өзге мәселелер айқындалған:
"Түзетулердің төртінші блогы жер заңнамасының жекелеген ережелерін, құрылыс, жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру саласындағы заңнамаларды жетілдіруге бағытталған",
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.