Қазақстанда ҰҚК терроризмді насихаттаған алты діни радикалды ұстады

Қазақстанда ҰҚК терроризмді насихаттаған алты діни радикалды ұсталды фото на taspanews.kz от 08 августа 2024 10:18
Фото: ҚР ҰҚК

Жаздың шілде және тамыз айларында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті құқық қорғау органдарының белсенді қолдауымен және прокуратураның бақылауымен діни экстремистердің қызметін анықтау және тоқтату бойынша ауқымды жедел акциялар өткізді. Олар Астана мен Шымкентті, сондай-ақ Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау және Жамбыл облыстарын қамтыды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жоспарланған операциялар барысында алты адам қамауға алынды: бес қазақстандық және бір шетелдік. Олар террористік әрекеттер және топқа жаңа мүшелер тарту, экстремистік идеологияланы насихаттау, діни араздықты қоздыру және тыйым салынған әдебиеттерді тарату бойынша күдікті. Тұрғын үйлерін тінту барысына көптеген діни-экстремистік материалдар, атыс қаруы, оқ-дәрілер және басқа да дәлелдер тәркіленді.


Ұсталғандардың екеуі кісі өлтіру, тонау және бұзақылық сияқты ауыр қылмыстар жасағаны үшін бұрынырақ сотталған. Айыпталушылардың тағы бірі шетелдік оқу-жаттығу лагерлерінде террористік дайындықтан өтіп, басқа елдердегі бұзақылықтарға қатысқан. Сол үшін бұрын өз елінде сотталған болатын . Тағы екі күдікті есірткіні үнемі қолданады деген күдік бар.


ҰҚК деректеріне сәйкес, ұстау фактісі бойынша ҚР ҚК 174, 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу бойынша өзге ақпарат көпшілік үшін уақытша қолжетімсіз.


Следите за новостями Taspanews