Қазақстанда ұлттық спорт басым спорт түрлеріне жатқызылатын болады

Фото: Уикипедия
Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының спикері Мәулен Әшімбаев төрағалығымен өткен Палата отырысында Дене шынықтыру және спорт, артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелеріне қатысты заң қаралды,– деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Спорт саласын жетілдіру мақсатында маңызды қадамдар алға қойылды. Ендігі кезекте спорт саласына бөлінетін қаражат тиімді пайдаланылмақ. Легионерлерге төлем жасалмайды.
Одан бөлек, ұлттық спорт түрлеріне басымдық берілетін болады.
"Спортшылар мен бапкерлерге мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін жетілдіруге арналған жекелеген түзетулер де енгізілді. Мақұлданған заң саламатты өмір салтын насихаттауға, азаматтарды, әсіресе, балаларды спортқа баулуға және жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге оң септігін тигізеді деп сенеміз",