Қазақстанда ұлттық спорт түрлеріне басымдық берілетін заңға қол қойылды
Фото: Gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спорттың басым түрлерін айқындау, оларды жетілдіру бойынша заңға қол қойды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Сенаттың ресми ақпаратына сілтеме жасап.
Сенат мақұлдаған құжатта аталған мәселелерден бөлек дене шынықтыру және спорт субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері қамтылды. Заңда спорттың 60-қа жуық басым түрлері айқындалды.
Оның ішінде ұлттық спорт түрлері енгізілді. Одан бөлек, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада мен Азия ойындары қамтылды.
Басымдық рейтингке ғана емес, жарыстағы нәтижеге де негізделеді.