Қазақстанда ұн, күріш пен қант арзандады
Өткен аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі бойынша соңғы он жылдағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі тіркелді, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, бұл көрсеткіш небәрі 0,1 пайызды құраған. Бұл елімізде күнделікті қолданылатын өнімдердің бағасының тұрақтанғанын көрсетеді.
«Соңғы аптада кейбір тауарлар бағасының аздап төмендеуі байқалды. Мәселен, қант пен бидай ұнының бағасы 0,2%-ға, күріш 0,4%-ға, қарақұмық 0,9%-ға арзандады. Бұл ретте нан, макарон, сүт, айран сынды өнімдердің бағасы тұрақты болып, өзгерген жоқ. Алайда, сиыр еті, сүзбе және жұмыртқа бағасының шамалы өсуі байқалды - бұл тауарлар 0,1%-ға қымбаттады»,
Қазіргі таңда Қазақстанда қанттың орташа бағасы 1 кг үшін 389 теңгені құрайды. Облыс деңгейінде қант бағасы әртүрлі: Ақтөбеде қанттың 1 килограмы 349 теңгеге, ал Батыс Қазақстан облысында 367 теңгеге сатып алуға болады. Бидай ұнының 1 килограмы орта есеппен 223 теңге тұрады. Шымкентте бұл өнімді 168 теңгеден, Ақтөбе мен Қарағандыда 166 теңгеден сатып алуға болады, ал ең арзан бидай ұны Солтүстік Қазақстан облысында сатылуда, оның бағасы 150 теңге.
Күрішке келетін болсақ, оның 1 килограмының Республика бойынша орта бағасы 446 теңгені құрайды. Дегенмен, Қызылордада күріштің бағасы 389 теңге, ал Ақмола облысында - 406 теңге. Қазақстанда қарақұмықтың орта бағасы 207 теңге. Астанада бұл өнімді 187 теңгеге, Қарағандыда 176 теңгеге, Қостанайда 192 теңгеге, Павлодарда 151 теңгеге, Қызылордада 189 теңгеге сатып алуға болады.
«Қазіргі таңда елімізде сүттің орта бағасы « литрге 403 теңгені құрайды. Түркістан облысында сүтті ең төменгі бағамен – 278 теңгеден сатып алуға болады. Басқа аймақтарда баға әртүрлі: Ақтөбеде – 341 теңге, Ақмола облысында – 303 теңге, Қостанайда – 405 теңге, Шығыс Қазақстан облысында – 381 теңге, Павлодарда – 360 теңге»,
Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміндегі бірнеше тауардың бағасы төмендеді. Күнбағыс майы 0,8%-ға, қант 3,2%-ға, қырыққабат 3,3%-ға, бидай ұны 6,3%-ға, күріш 8%-ға, сәбіз 9,1%-ға арзандады, қарақұмық 34,5%-ға айтарлықтай арзандады.