Қазақстанда зағип және көру қабілеті төмен адамдарға көркем әдеби шығармалар қолжетімді болады
16 қаңтар күні Сенат отырысында зағиптар мен көру қабілеті бұзылған, баспа ақпаратын қабылдау қабілеті шектелген адамдардың жария етілген туындыларға қол жеткізуін жеңілдету туралы Заң қаралды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Осы мақсатқа бағытталған Заң дүниежүзілік конференцияда қабылданған Марракеш шартына негізделген. Марракеш шартын ратификациялау туралы ҚР Заңында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әдеби және көркем шығармаларға қол жеткізуі, оларға қолжетімді форматтағы туындыларды көбейту, жалпыға ортақ таратуға жағдай жасау, зағиптарға арналған кітапханалар желісін сақтау қарастырылған. Бұл Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті мүшесі келтірген баяндамада түсіндірілді.
Депутаттар қойған сұрақтар нәтижесінде, шығармалар қатарына ғылыми туындылар да кіретіні анықталды.
Одан бөлек, кітаптар фондын үлкейту алға қойылады.