Қазақстанда заңсыз тұрған шет елдік мәжбүрлі түрде елден шығарылды

 фото на taspanews.kz от 10 октября 2024 17:40
Фото: Астана ПД

Қазақстаннан 70-тен аса шет елдік азамат шығарылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Астана қаласы ПД-не сілтеме жасап.


ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша көші-қон заңнамасын 400-ден адам бұзған. "Учаске" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері Қазақстаннан 70-тен аса шет елдік азаматтарды шығарды.


Соның ішінде Көші-қон қызметінің қызметкерлері Қытай азаматының елде заңсыз тұрғанын анықтады. Оған 2021 жылы Алматы қаласы әкімшілік соты ҚР-нан шығуы туралы үкім шығарған. Соған қарамастан, ол ел аумағынан шықпаған. Нәтижесінде, полиция қызметкерлері оны Үрімші қаласына авиаұшақ арқылы мәжбүрлі түрде жіберілді.


Следите за новостями Taspanews