Қазақстанда зейнеткерлер жұмысын не себепті жалғастырады?
Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткерлердің саны айтарлықтай өскенін статистика мәліметтері растайды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ranking.kz-ге сілтеме жасап.
Аналитикалық агенттік ұсынған ақпаратқа және ресми дереккөздерге сүйенсек, 2024 жылдың қыркүйек айында елімізде 298,5 мың зейнеткер жұмыс істеп жүрген.
«Қазақстандағы жұмыс істейтін зейнеткерлердің көп бөлігі ауыл шаруашылығы, сауда, білім беру және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді. Мәселен, жұмыс істейтін зейнеткерлердің 40%-ы ауыл шаруашылығында, 20%-ы сауда саласында, ал 16%-ы білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейді»,
«Қазақстандағы жұмыс істейтін зейнеткерлердің көп бөлігі ауыл шаруашылығы, сауда, білім беру және денсаулық сақтау салаларында еңбек етеді. Мәселен, жұмыс істейтін зейнеткерлердің 40%-ы ауыл шаруашылығында, 20%-ы сауда саласында, ал 16%-ы білім беру мен денсаулық сақтау салаларында жұмыс істейді»,
Жалпы жұмыс істейтін зейнеткерлердің санының артуына байланысты, олардың үлесі еліміздің түрлі экономикалық секторларында да өскен. Мәселен, құрылыс, мемлекеттік басқару және қаржы секторларында жұмыс істейтін зейнеткерлердің саны үш есе артса, көлік, логистика, сауда және әлеуметтік салада бұл көрсеткіш екі есеге көбейген.
Сонымен қатар, жұмыс істейтін зейнеткерлердің басым бөлігі жоғары біліктілікті талап етпейтін қызметтермен айналысады. Зейнеткерлердің 60%-дан астамы арнайы дағдыларды қажет етпейтін қызметтерде жұмыс істейді, бұл олардың 60 жастан асқан кезде де еңбек етуіне мүмкіндік береді.
Мұндай мамандықтар көбінесе қызмет көрсету, сауда және қосалқы жұмыстармен байланысты, бұл күрделі білім немесе физикалық күшті талап етпейді.
Сонымен қатар, 2023 жылы жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, 60 жастан асқан қазақстандықтардың шамамен 77%-ы өздерін орташа қамтылған таптың өкілі ретінде санайды.
Бұл, зейнеткерлердің өмір сүру деңгейі жоғары және әлеуметтік тұрғыда қорғалған екенін, олар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінетінін көрсетеді.