Қазақстанда жаңа үлгідегі жол тосқауылдары сыналды

Мин фото на taspanews.kz от 13 февраля 2025 16:27
Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі мен ғалымдардың бірлескен зерттеу жобасы аясында Қарағанды облысында республикалық маңызы бар «Астана–Қарағанды» (KAZ01) тас жолының қар басу қаупі жоғары учаскесінде тростық тосқауылдардың тәжірибелік сынағы өткізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Теміртау қаласы маңындағы 500 метрлік арнайы учаскеде орнатылған бұл инновациялық қоршаулар боран кезінде жоғары тиімділігін көрсетті.


Жаңа үлгідегі тосқауылдар Қарағанды бағытына қарай жолақтарды бөліп тұратын белдеуге және жолдың оң жақ жиегіне орналастырылды.


Жобаны ҚазжолҒЗИ мамандары басқарып отыр. Олар тростық тосқауылдардың әртүрлі климаттық және пайдалану жағдайларындағы тиімділігін екі жыл бойы бақылайды. Егер оң нәтиже берсе, бұл қоршаулар қар басу қаупі жоғары жолдарда дәстүрлі металл тосқауылдарға балама болмақ. Бұл жаңашылдық қыста жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.


Следите за новостями Taspanews