Қазақстанда жаңа жатақханалар іске қосылады

Фото: Pexels

Жоғарғы оқу орнына түскен студенттерді алаңдататын жатақхана мәселесі туралы Парламент отырысында баяндама жасалды. Ғылым және Жоғары білім министрІ Саясат Нұрбек жаңа жатақханалар жайлы айтты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Үкімет отырысына сілтеме жасап.


Биылғы оқу жылы 27 объект, 10576 төсек орын іске қосылады. Оның ішінде жаңа жатақханалар және реконструкцияланатын мекемелер. Нормативтік субсидияларды ауыстырып, ұлғайту нәтижесінде кей мекемелер жатақханаға айналдырылады. 


Студенттерге арналған тұраққа ең тапшы елді мекендер – Алматы және Астана екені айтылды. Бір жыл бұрын қабылданған шараларға байланысты жеке меншік секторлар тартылып, арнайы субсидиялық нормативтер 2 есе ұлғайған.


Осыған орай студенттерді келесі өзгерістер күтеді:


- Еуразия Ұлттық универистетіндегі 2700 төсек орындық арнайы қалашық;


- Петропавл қаласында Қозыбаев университетінде 1200 орындық тамыз айында ашылатын жатақхана;


- Арнайы оқытушыларға арналған 306 орындық жатақхана;


- Нархоз университетінде ең жоғарғы комфорт стандартпен қазіргі таңда 426 орындық Students Residence форматындағы жатақхана іске қосылады.


Сонымен қатар, Алматылық ЖОО жанында түсіндірме жұмыстар жүргізіледі.


Әр Алматылық ЖОО жанында арнайы ахуалдық орталық құрылды. Бірінші тамыздан бастап іске қосылды. Бүгіннен бастап арнайы жеделхат пен телефон нөмірлері қосылады. Кез-келген сұрақ бойынша жауап алуға болады. Қыркүйектің ортасына дейін жұмыс істейді,  – деді Саясат Нұрбек.

Министр 14 ЖОО жатақханаларында күрделі жөндеуден өтіп, 63 ЖОО жатақханаларында ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. 25 тамызға дейін жөндеу жұмыстары аяқталады.