Қазақстанда жұмысшы мамандықтар үшін ипотека пайда болды

Фото: pixabay.com

Қазақстанның жетекші қаржы институты – «Отбасы Банк» «Наурыз жұмыскер» атты жаңа ипотекалық бағдарламасын іске қосылатынын жариялады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына сілтеме жасап.


Бұл бағдарлама мемлекеттік бастаманың маңызды бөлігі болып табылады, оның мақсаты әртүрлі салалардағы мамандарға қолдау көрсету және олардың тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беру. «Наурыз жұмыскер» бағдарламасы жұмысшыларға ипотекалық несиелерді жеңілдетілген шарттармен алуға мүмкіндік береді. Бұл маңызды қолдау шарасы, өйткені жұмысшылар, олардың экономиканың дамуына қосқан үлесі мен сұраныстарына қарамастан, мемлекеттік қолдаусыз тұрғын үй алуға әрдайым мүмкіндік алмайды», – деп хабарлайды Ұлттық кәсіпкерлер палатасы.


Бұл бастама елде «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында мемлекет ұсынған кең ауқымды бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Бағдарламаның мәні – осы категориядағы азаматтардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту, оларға қолжетімді ипотекалық несие алуға мүмкіндік беру. Кімдер жеңілдетілген шарттармен несие ала алатынын анықтау үшін арнайы мамандықтар тізімі жасалады, ол Экономикалық қызметтің негізгі классификаторлары бойынша арнайы тізіммен анықталады. Бұл тізім ипотекалық бағдарламаны пайдалануға құқықты жұмысшылардың тізімін құрудың негізі болады.


«Мамандықтар мен салалардың нақты тізімі, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп саласы бойынша тізімді арнайы жұмыс тобы әзірлеп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізіп, бағдарлама мүмкіндігінше көп жұмысшы мамандарды қамту үшін жұмыс істеуде», – деп түсіндірді Жанар Изимбетова, «Отбасы Банкінің» АҚ Орталық филиалының басқарушы директоры.


«Отбасы Банкі» жаңа бағдарламаның аясында жалпы сомасы 72 миллиард теңгені құрайтын 2440 несие беруді жоспарлауда.  Бағдарлама әсіресе стандартты нарықтық мөлшерлемелер бойынша ипотека ала алмайтын азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін маңызды болады.


«Наурыз жұмыскер» бағдарламасына қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 17 наурызда қабылдана бастайды. Бағдарлама өндіріс, құрылыс, қызмет көрсету және көлік салаларындағы жұмысшылар арасында үлкен сұранысқа ие болатын етіп есептелді.


"Ұлттық кәсіпкерлер палатасы да жұмысшы мамандықтарды насихаттау бойынша белсенді жұмысты бастап кетті. 70 Үкіметтік шараның 33-не ҰКП қатысады. Жоспарланған жаңа шаралардың қатарында: халықаралық дуальды оқыту орталықтарын құру, кәсіпорындар үшін тәлімгерлерді даярлау, сондай-ақ, бизнес пен оқу орындары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған білім беру бастамалары бар. Сонымен қатар, жұмысшыларды қысқа мерзімді оқыту ұйымдастырылады", – делінген "Атамекен" ҚР ҰҚП хабарламасында.