Қазақстанда зорлық-зомбылыққа ұшыраған балалардың жеке деректері тарап кеткен

Фото: Freepik

Қазақстан Халық Партиясы 2025 жылы 5-11 қаңтар аралығында әйелдер мен балаларды қолдауға арналған дағдарыс орталықтарын аралау қорытындысы бойынша зорлық-зомбылыққа ұшырағандардың жеке деректері тарап кеткенін анықтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламентінің Мәжілісіне сілтеме жасап.


2 облыс пен 2 қалада қоғамдық ұйымдар мен журналистер тарапымен зорлық-зомбылыққа ұшыраған және зорланған балалар туралы деректер тарап кеткені белгілі болды. Олардың барлығы – кәмелет жасқа толмағандар.


«Кішкентай ғана ауыл ішінде зорланған қыз туралы айтатын болсақ, ондағы халық саны мыңнан аспаса, ол қыздың кім екенін білу қиынға соқпайды. Осы жерде зорлық-зомбылыққа ұшыраған баланы қорғаудың орнына ол туралы жеке деректер халыққа жайылып кете барады», – деді «ҚХП депутаттық фракциясының жетекшісі» Магеррам Магеррамов.

Осы орайда Қазақстан Халық партиясы келесіні ұсынды:


Адам құқықтары жөніндегі институт тиісті түрде үзіліссіз қызмет етуі керек;


Қоғамдық ұйымдар мен журналистер тарапымен жеке ақпаратты таратуды болдырмау жүзеге асырылуы тиіс;


Деректерді жариялау әділдікке қол жеткізетін басқа тәсіл болмаған жағдайда ғана жариялануы қажет.