Қазақстандағы әскери қызметшілерге тактикалық медицина оқытылатын болады

Ұлттық Ұлан баспасөз қызметі фото на taspanews.kz от 13 февраля 2025 08:52
Фото: Ұлттық Ұлан баспасөз қызметі

Ұлттық ұлан ҚР Қарулы күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдардың медициналық қызметкерлерінің қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңес барысында телемедицинаны дамытуды және Тактикалық медицина бойынша хаттама әзірлеу мен бекітуді ұсынды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Әскери қызметкерлерге дағдарыс жағдайында алғашқы медициналық көмекті көрсетудің стандарттары оқытылады. Бұл табиғи және техногендік апат салдарында, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адам қазасын болдырмау мақсатында жүзеге асырылады.


«Тактикалық медицина — төтенше жағдайларда тікелей жүзеге асырылатын, жарақат алған әскери қызметшілердің өмірін құтқаруға және асқынулардың алдын алуға бағытталған іс-шаралар кешені. Тактикалық медицинаның басты қағидасы — «алтын сағат» принципін ұстану, яғни жедел көмек жараланғаннан кейінгі алғашқы 60 минут ішінде көрсетілуі тиіс, бұл адам өмірін аман алып қалу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады» – дейді Ұлттық ұланның медицина маманы Ерек Ақласов.

Сонымен қатар, жоба аясында аудио-бейне байланыстарды пайдалана, дәрігерлермен жедел байланысу мүмкіндігі артады.


Следите за новостями Taspanews